2016 жылдың 15 наурызы күні Қарағанды облысы білім беруді дамыту орталығы базасында азаматтық-патриоттық тәрбиелеу бойынша облыстық семинар өткізілді.
Семинар жұмысына аудандық, қалалық білім бөлімдерінің тәрбие ісіне жетекшілік жасайтын әдіскерлері, білім беру ұйымдарының директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімдері қатысты.
Семинарға Тусупбеков С.С., Ладыгина О.А. (Б.Бейсенов атындағы Қарағанды заң академиясы); Иманбетов А.Н. (Е.А.Букетов атындағы ҚарМУ); Заитова Г.К. (Салауатты өмір салты орталығы); Макажанов Г.Т. («Сарыарқа Дарыны» АҒПО); Щумячкин Е.С. (ҚКММ «Балалар мен жасөспірімдер сарайы» Қарағанды қ.); Маевский С.В. (ММИ «Мұрагер», Қарағанды қ.) қатысты.
Семинар аясында ««Айбар» азаматтық-патриоттық тәрбиелеу орталығы» әлеуметтік-педагогикалық жобасының ашылу презентациясы болып өтті. Сонымен бірге семинарға қатысушылар өскелең ұрпақты патриоттық тәрбиелеудің заманауи қазақстандық моделін қалыптастыру бойынша білім ұйымдарын әдістемелік қолдау мен педагогикалық ынтымақтасты қамтамасыз ету сұрақтарын талқылады.