13 қараша Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы халықаралық зерттеуге қатысатын мектептердің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған семинар ұйымдастырды.
Семинар барысында әдіскер Г.Б.Жаркеева халықаралық зерттеулер туралы, халықаралық зерттеу нәтижелері бойынша талаптар мен түсініктер туралы, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының(ЭЫДҰ) 2030 жылға дейін білімді дамытуға арналған концептуалдық тұжырымдамасы туралы жалпы ақпарат беріп, түсіндіріп өтті. Қарағанды қаласы «Шәкәрім атындағы гимназиясы» КММ қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері Кубекова Құралай Төлепбергенқызы, Амрина Динар Сапаровна оқу сауаттылығын бағалауға арналған тапсырма түрлері бойынша тәжірибелерімен бөлісті.
Іс-шараға 30-ға жуық педагог қатысты.