Қарағанды облысының білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы 2023 жылғы 13 қарашада ZOOM платформасында тарих пәні мұғалімдеріне арналған «Тарих серпін» жобасын іске асыру шеңберінде онлайн режимде тарих пәнінің мұғалімдері Қарағанды қаласының Гатаулин А. Р., «Әділет» ЖМ, Түсіпов Ж. А., «С. Саттаров атындағы мектеп-лицей» КММ, Әбдіғұл С. Н., «№15 ЖББМ» КММ өз тәжірибелерін қорытындылады. Нетворкинг қатысушыларына «Зарзаман» ағым өкілдерінің идеологиялық құндылықтары тақырыбы бойынша 11-сыныптарда Қазақстан тарихын оқытуда әдістемелік тәсілдер ұсынылды.
«Жаһанданудың әлемдік экономика мен саясаттың дамуына әсері қандай?» 9 сынып тақырыбын зерделеу кезінде формативті бағалауды ұйымдастыруға ерекше назар аударылды.Мұғалімдер сабақты орынды үйлестіреді, оқушылардың ойлау процесін басқарады, шешім жолын көрсетеді. Дескриптор және критериалар балаларға сабақ тақырыбындағы қиындықтарды анықтауға көмектеседі және кері байланысқа ықпал етеді.
Қамту 100 мұғалімді құрады.