Размер шрифта:
Республикалық «1000 мектеп» және облыстық «Жетістік формуласы» жобасына енген Нұра, Осакаров ауданының білім беру ұйымдарымен әдістемелік күн
09-11-2023 11:20
Республикалық «1000 мектеп»  және  облыстық «Жетістік формуласы»  жобасына енген  Нұра, Осакаров ауданының білім беру ұйымдарымен   әдістемелік күн

          9 қараша күні  ZOOM конференциясы арқылы онлайн форматта Республикалық «1000 мектеп» және облыстық «Жетістік формуласы»  жобасына енген Нұра, Осакаров ауданының білім беру ұйымдарымен әдістемелік күн өткізілді.

Әдістемелік күнде «Облыстық жобалар және олардың жүзеге асырылуы туралы»  ҚО ББД ОӘО мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру бөлімінің меңгерушісі Мукашева Гульсым Габбасовна жалпы түсінік берді. Сонымен қатар, Осакаров ауданы білім бөлімінің  Абай атындағы  Тірек мектебі (РО) директоры  Мусипова Макпал Баткеновна, Нұра ауданы білім бөлімінің  К.Мыңбаев атындағы  ЖББМ директорының м.а. Алпысбаева Ғалия  Клышевна, Осакаров ауданы білім бөлімінің № 25  жалпы білім беретін мектебінің директоры Ахметова Шолпан Байгельевна  кіріс мониторингінің нәтижелері және оқу жылының 1 тоқсанының қорытындысы  туралы таныстырылым жасап, анықталған мәселелер мен туындаған қиындықтар бойынша ой бөлісті.

Нұра, Осакаров ауданының білім беру ұйымдарымен жұмыс жасайтын менторлар тарапынан әдістемелік ұсынымдар берілді.