«Арқаның ақиығы – Ақан сері» облыстық форумы
30-11--0001 00:00
«Арқаның ақиығы – Ақан сері» облыстық форумы

      2023 жылдың 15 қарашасында оқу-әдістемелік орталықтың жоспарына сәйкес Саран қаласының Балалар өнер мектебінде ақын, композитор Ақан серінің туғанына 180 жыл толуына арналған «Арқаның ақиығы – Ақан сері» атты облыстық форум өтті.

Облыстық форумға Қарағанды облысының Білім басқармасының, Қарағанды облысында білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының, Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің, Саран қаласының әкімдігі мен білім бөлімінің өкілдері, қосымша білім беру ұйымдарының директорлары, Қарағанды облысының аудандары мен қалаларының білім бөлімдерінің әдіскерлері, қосымша білім беру педагогтерінің қауымдастықтарының төрағалары қатысты.

Форум «Ақан сері – Ақтоқты» театрландырылған қойылымымен ашылды.

Форумға қатысушыларға Саран қаласы әкімінің орынбасары Сағынбек Жанбырбаевич Бейскеев, «Саран қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Арман Болатович Бақтыбаев және Саран қаласының Балалар өнер мектебінің директоры Толқын Суиндиковна Мусалиева құттықтау сөз сөйледі.

Форумда оқу-әдістемелік орталықтың директоры, педагогика ғылымдарының магистрі Абдикерова Бакиткул Хималдиновна, Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің қазақ әдебиеті кафедрасының оқытушысы, докторант, педагогика ғылымдарының магистрі Қайырбекова Аида Құрманғазықызы, Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжінің оқытушысы, халықаралық, республикалық байқауларының лауреаты Тапай Гүлмира баяндамалар жасады.

Музыка бөлімінің оқытушылары Ақан сері өмірі мен шығармашылығына арналған  ашық сабақтар, әр түрлі көркемөнер техникасының шеберлік сабақтарын өткізіп, оқушылардың көркемсурет жұмыстарының көрмесін ұйымдастырды.

Форум жұмысын Саран қаласы білім бөлімінің әдіскері Шаймұрат Сәулеш қорытындылады.