ГЕОГРАФИЯ МҰҒАЛІМДЕРІ ҮШІН «БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМ ЖЕТІСТІКТЕРІНІҢ МОНИТОРИНГІ» ЖОБАСЫН ІСКЕ АСЫРУ
15-11-2023 15:24
ГЕОГРАФИЯ МҰҒАЛІМДЕРІ ҮШІН «БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМ ЖЕТІСТІКТЕРІНІҢ МОНИТОРИНГІ» ЖОБАСЫН  ІСКЕ АСЫРУ

      Қарағанды облысының білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы 2023 жылғы 15 қарашада «Білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингі» жобасын іске асыру шеңберінде география мұғалімдері үшін пәндік құзыреттілікті арттыру мақсатында шеберлік сыныптарын өткізді.

Нетворкинг барысында география пәнінің мұғалімі А. К. Абданбаева,  «Ы Алтынсарин атындағы ОМ базасындағы Тірек мектебі (РО)». Нұра ауданы, Г.В. Смиртнова, «№2 жалпы білім беретін мектеп» КММ Осакаров ауданы, Е. Д. Байкенова, «А. Байтұрсынов атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ Бұқар Жырау ауданы география пәні бойынша жаратылыстану-ғылыми сауаттылықты дамыту бойынша өз тәжірибелерімен бөлісті.

Педагогтер ұсынған әдістемелік материалдар 9-сыныптарда жаратылыстану сауаттылығын қалыптастыру және бағалау үшін тапсырмалар жүйесі мен диагностикалық материалдардың сипаттамасын қамтиды, олар білім алушыларға тапсырмаларды орындау арқылы құбылыстарды ғылыми түсіндіруге, ғылыми зерттеулерді бағалауға және жоспарлауға, деректерді ғылыми түсіндіруге және дәлелдер келтіруге көмектеседі.

Барлығы облыстың 100-ден астам мұғалімдері қатысты.