Размер шрифта:
«Worldskills Kazahstan-16» аймақтық чемпионатының «Web-әзірлеме» бағыты бойынша конкурсы
16-03-2016 08:18
«Worldskills Kazahstan-16» аймақтық чемпионатының «Web-әзірлеме» бағыты бойынша конкурсы

     2016 жылдың 15-16 наурызында Қарағанды политехникалық колледжінде   «Worldskills Kazahstan-16» аймақтық чемпионатының «Web-әзірлеме» бағыты бойынша конкурсы  өтті.

     Конкурсқа Қарағанды облысы колледждерінен 19 студент қатысты. Конкурс қорытындысы бойынша 19 үміткердің  үшеуі жеңіске лайық деп танылды.Олар:

   1 орын -  Жуков Константин Андреевич   "Қарағанды политехникалық  колледжі", жетекшілері Такшылыкова Дина Ракишевна, Лямцев Д.В. арнайы пәндер оқытушысы.

    2 орын -  Дмитриенко Иван Вячеславович       "Шахтинск технологиялық колледжі", жетекшісі Морозов Яков Николаевич.

    3 орын - Ветряк Ярослав Сергеевич "Қарағанды коммерциялық колледжі"          жетекшісі  Сакбасынова Гульдария Адилхаировна.

         WorldSkills Kazakhstan чемпионаты «Аспаз ісі», «Web-әзірлеме», «Шаштараз ісі», «Дәнекерлеу ісі», «Кондитерлік іс» құзіреттіліктері бойынша 18 - 22 аралығындағы колледж студенттері арасында өткізілетін конкурс. Сапалы түрде орындалған тәжірибелік жұмыс негізгі бағалау өлшемі болып табылады.