Размер шрифта:
«Жастар - шағын бизнеске» бизнес-идеялар байқауы
16-11-2023 13:26
«Жастар - шағын бизнеске»  бизнес-идеялар байқауы

      2023 жылдың 16  қарашасында Қарағанды облысында  білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КЕАҚ инновациялық технологиялар колледжімен   бірлесiп  қаржылық сауаттылық апталығы аясында техникалық, кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері арасында «Жастар - шағын бизнеске» үздік студенттік бизнес-идеялар облыстық байқауы («Мен - кәсіпкермін» республикалық онлайн Гран-турнирінің облыстық кезеңін) өткізді.

Байқаудың мақсаты: студенттердің бизнес-жоспарларының презентацияларын ұйымдастыру, бизнес-идеялар мен бизнес-жоспарлардың тәуелсіз сараптамалық бағасын алу арқылы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері арасында жастардың әлеуметтік кәсіпкерлігін дамыту.

Байқауға 24 колледж қатысты, 50 жоба ұсынылды.

Байқау 2 кезеңде өтті, әділ-қазылардың шешімі бойынша 2-кезеңге ең үздік деген 20  жоба ғана  өтті.

Студенттердің Бизнес-жобалары мобильді қосымшаны құрудан, экскурсиялық турлар мен жаяу экскурсияларды ұйымдастырудан бастап экотовар өндірісіне дейін әр түрлі болды.

Финалда қатысушылар өз жобаларының питч-презентациясын жасады. Қорытындысында  бойынша бағыттар бойынша жеңімпаздар анықталды.

«Қызметтер»:

Алімбаев Адам Жанатович, Тебаева Диана Батырханова, «Қарағанды индустриалды-технологиялық колледжі» КММ студенттері, «Жарық сәулесі» спорт кешені жобасымен, жетекшісі Башеева Айгуль Орынбасаровна;

«Туризм»:

Жукенова Даяна,  Данилина Ольга Вадимовна, Лошицкая Софья Валерьевна, «Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің экономика, бизнес және құқық колледжі» ЖММ студенттері, «Қолжетімді қала» жобасымен, жетекшісі Шульц Елена Игоревна;

«Әлеуметтік кәсіпкерлік»

Салагин Данил, Сова Вадим, Спотарь Никита,  «Қарағанды машина жасау колледжі» КММ студенттері, «Мүмкіндігі шектеулі адамдардың қозғалысын қалпына келтіруге арналған көпфункционалды спорттық тренажер» жобасымен, жетекшілері Фольц Михаил Александрович, Дудник Маргарита Георгиевна, Бегимова Назым Болатовна;

«Өндіріс»:

Аманбай Мерей, «Қарағанды жоғары политехникалық колледжі» КМҚК  студенті, «Ауыл шаруашылығы өнімінің бизнес-жоспары» жобасымен, жетекшісі Айтман Елдос Ерғазыұлы;

«Білім»:

Шәріп Дамира Мейрамқызы, Жайн Аяна Бақытжанқызы, Нұржанова Назерке Исламбекқызы, «Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі» КМҚК студенттері,  «Қазына» білім беру және даму орталығы» жобасымен, жетекшісі Маженова Салтанат Садвакасовна;

«Сауда»:

Акулова Милана, «Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің экономика, бизнес және құқық колледжі» ЖММ студенті, «Сиқырлы доп» Эксклюзивті тоқыма шеберханасы жобасымен, жетекшісі Токмагамбетова Асем Амандыковна;

«Экология»:

Карибек Бағылан Русланұлы, Қараман Ерасыл Айдынұлы, «Қазақмыс» корпорациясының политехникалық колледжі» ЖММ студенттері,   «Пресстелген брикет» жобасымен, жетекшісі Садырбаева Разия Тұрсынқызы;

«Технологиялық кәсіпкерлік (инновациялық жоғары технологиялық идея)»:

Еркебулан Бек, Марлен Ансат,  «Қарағанды машина жасау колледжі» КММ студенттері, «Жел генераторын жасау» жобасымен, жетекшілері Толганай Жанибек, Бегимова Назым Болатовна. 

Облыстық деңгейдегі жеңімпаздар «Мен - кәсіпкермін» республикалық онлайн Гранд турниріне қатысуға құқылы.

Жеңімпаздар Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының дипломдарымен және сертификаттарымен марапатталды.