Размер шрифта:
Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен шығармашлығына арналған студенттер арасындағы «Қазақ сахарасының қоңырауы» атты облыстық байқауы
17-11-2023 16:24
Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен  шығармашлығына арналған студенттер арасындағы  «Қазақ сахарасының қоңырауы»  атты облыстық байқауы

      2023 жылдың 17 қарашасында «Қарағанды облысындабілім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы» КМҚК  және «Теміртау индустриалды-технологиялық колледжі»КМҚК ұйымдастыруымен Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен шығармашлығына арналған студенттер арасындағы «Қазақ сахарасының қоңырауы» атты облыстық байқауы өткізілді.

«Ұлттың ұлы ұстазы Ыбырай Алтынсарин» тақырыбымен «Теміртау индустриалды-технологиялық колледжі» КМҚК директорыКоянбаев Канат Кабдиевич сөз сөйлеп,  қатысушыларға сәттілік тіледі.

«Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу – әдістемелік орталығы» КМҚК әдіскері Баймаганбетова Турсын Мукановна, «Адамгершілікке тəрбиелеу құралы-еңбек пен ата-ана үлгісі» тақырыбымен Ыбырай Алтынсариннің нақыл сөздерінің мағынасына тоқталды.

«Теміртау индустриалды – технологиялық колледжі» КМҚК директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Канафина Марфуга Кошкеновна, Ыбырай Алтынсариннің«Өнер, білім - бәрі де оқуменен табылған» сөзін мысалға ала  отырып, Қазқастанның болашағы білімді жастарда қолында екеніне сенім білдірді.

Байқау 2 бағытта жұмыс жасады

1 секция: «Кел, балалар, оқылық» - Ыбырай Алтынсариннің екі өлеңін мәнерлеп жатқа  оқу

  • секция:«Дала жұлдызы» - театралдық қойылым  ( Ы.Алтынсариннің бір әңгімесін

сахналау)

Байқау қорытындысы бойынша келесі жеңімпаздар анықталды:

 «Кел, балалар, оқылық»секциясы бойынша

І орын- «Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлы-техникалық колледжі» КМҚК студенті Алпыс Айгерім;

ІІ орын- Шет тілдер колледжі студенті Сәкенова Ұлпан Қыдырбекқызы;

ІІІ орын- «Фемида жоғарғы заң колледжі» ЖШС студенті Сидеренков Данил;

«Дала жұлдызы»секциясы бойынша

І орын-Қарағанды жоғары политехникалық колледжі;

ІІ орын- «Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжі» ЖММ

ІІІ орын -«Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі» КМҚК;

Байқауға Қарағанды облысынан 25 колледжінен өтінімдер келіп түсті. Барлығы 34 жетекші және 120 студент қатысты.