Размер шрифта:
«Жыл мұғалімі» облыстық іріктеу байқауының екінші кезеңі
24-11-2023 11:09
«Жыл мұғалімі» облыстық іріктеу байқауының екінші кезеңі

2023 жылдың 13 қарашасы мен 24 қарашасы аралығында қалалар мен аудандардағы жалпы білім беретін мектептердің, облыстық арнайы және мамандандырылған мектеп-интернаттарының мұғалімдері арасында «Жыл мұғалімі» облыстық байқауының 2-кезеңі өтті.

Байқау жыл сайын мұғалімдердің біліктілігін арттыру, педагог мамандығының шеберлігін, беделін, мәртебесін арттыру және озық педагогикалық тәжірибені тарату мақсатында өткізіледі.

Облыстық іріктеу кезеңіне аудандық/қалалық және арнайы, мамандандырылған мектеп-интернаттарынан 33 мұғалім қатысты. Байқауға қатысушылардың әрқайсысы ашық сабақ пен сыныптан тыс іс-шара өткізді.

Конкурсқа қатысушылардың жұмысын құзыретті қазылар алқасы бағалады, оның құрамына білім басқармасының, оқу-әдістемелік орталықтың, "Өрлеу" филиалының Қарағанды облысы бойынша біліктілікті арттыру институтының, колледждердің өкілдері, облыс педагогтары қауымдастығының өкілдері кірді.

Облыстық «Жыл мұғалімі» байқауының финалына келесі мұғалімдер шықты:

Жанбырбай Елдос Жанбырбайұлы, Ақтоғай ауданы «Шашубай қонысы мектеп-бөбекжай кешені (мектеп жанындағы интернаты бар) базасындағы тірек мектебі (ресурстық орталық)» КММ;

Ербол Айболат, Бұқар Жырау ауданы «Юрий Гагарин атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ;

Доминова Нурия Минихатьевна,Осакаров ауданы «№9 гимназия базасындағы Тірек мектебі (ресурстық орталық)» КММ;

Алимкулова Арайлым Махмутгазиевна,Шет ауданы «Ы.Алтынсарин атындағы тірек мектеп (ресурстық орталық) жанындағы интернат» КММ;

Абеуова Асем Темирбаевна,Абай ауданы «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы мектеп-гимназия» КММ;

Абугалиева Самал Нуртаевна, Қарағанды қаласы «Мағжан Жұмабаев атындағы нимназия» КММ;

Карабалина Айғаным Серікқызы, Саран қаласы «№6 жалпы білім беретін мектеп» КММ;

Курманбекова Марал Кагазбайкызы, Балқаш қаласы «№10 арнайы мектеп-интернаты» КММ;

Шибаева Салиман Рамазанқызы, «Дарын» мамандандырылған мектеп-интернаты» КММ.

Байқаудың 3-кезеңі 2023 жылдың 1 желтоқсанында өтеді. Барлық қатысушыларға сәттілік пен табыс тілейміз!