«Оқырман отбасы» байқауының облыстық іріктеу кезеңі
27-11-2023 10:04
«Оқырман отбасы» байқауының облыстық іріктеу кезеңі

      Қарағанды облысының білім басқармасы, білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес, ZOOM платформасында онлайн режимде 2023 жылдың 27 қарашасы күні орыс тілді мамандандырылған мектеп-лицей интернаттары,аудан/қала үміткерлері арасында «Бір отбасы - бір кітап» акциясы аясында «Оқырман отбасы» облыстық байқауының іріктеу кезеңі өтті.

Мамандандырылған мектеп-интернаттардан 4 отбасы, аудан/қала бойынша 7 отбасы іріктеу кезеңіне қатысты.

Аудан/қала бойынша мектепішілік іріктеу кезеңіне төрт конкурс бойынша қатысты және әділқазылар алқасының назарына «Біздің сүйікті кітабымыз» буктрейлері, «Басты кейіпкерді тап» әдеби турниріне қатысты, команда жетекшілері арасында оқылған кітаптары бойынша үзінділерін сомдады.

Қортынды шешім бойынша финалға 3 отбасы өтті:

 

1. «№1 МЛ» КММ Саран қаласы  Бубельников-Васильев отбасы

2. «Мұрагер ММЛИ»КММ Шалтаков отбасы

3. «А.Ермеков атындағы МЛ»КММ, Кадыргалиев отбасы.

Конкурсқа қатысушыларға алғыс білдіре отырып, финалға өткен отбасыларға сәттілік және шығармашылық табыстар тілейміз.