Размер шрифта:
Қазақ поэзиясының көрнекті қайраткері, ақын, журналист, драматург, сазгер және көркем аудармашы Қасым Аманжоловқа арналған облыстық шығармашылық байқауы
24-11-2023 10:47
Қазақ поэзиясының көрнекті қайраткері, ақын,  журналист, драматург, сазгер және көркем аудармашы Қасым Аманжоловқа арналған облыстық шығармашылық  байқауы

       2023 жылдың 24 қарашасында «Қарағанды облысында білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы» КМҚК басшылығымен  Қарағанды  жоғары  гуманитарлық  колледжінде қазақ әдебиетінің даму тарихына үлес қосып, өзіндік қолтаңбасын қалдырған ХХ ғасырдағы қазақ поэзиясының көрнекті өкілі, ақын, журналист, драматург, сазгер және көркем аудармашы Қасым Аманжоловқа арналған облыстық шығармашылық байқау өткізілді.

 Мақсаты: ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Қасым Аманжоловтың өмір жолы, ақындық болмысы, поэтикасы, суреткерлік шеберлігі, рухани асыл мұралары арқылы жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген, білімді,  саналы азаматты тәрбиелеуге үлес қосу.

          Байқауға Қарағанды облысы колледждерінен 38 студент қатысты.

Шығармашылық байқаудың ашылу салтанатында Қарағанды  облысында білім  беруді  дамытудың оқу-әдістемелік орталығының техникалық және білім беру бөлімінің  әдіскері Баймағанбетова Тұрсын Мукановна,Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Абай  атындағы  әдебиет  пен өнер саласындағы ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, ақын  Серік Ақсұңқарұлысөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

          Байқау үш бағыт бойынша өтті. Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталып, Қарағанды облысында білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының диплом, сертификатымен марапатталды және «Нәтиже» сүт фабрикасының басшысы Ерлан Әшім мырзаның ынталандыру сыйлығына ие болды.

          «Жақыным, жүрегімнің досы  ̶  өлеңім»бағыты бойынша:

         1 орын– Марат Алтынай Жанболатқызы, «Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі» КМҚК студенті, жетекшісі Муфталова Аққу Кусайыновна;

         2 орын –Мақыжан Алданыш, «Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі» КМҚК студенті, жетекшісі Мақатай Ербұлан Айтпайұлы;

         3 орын –Төкенова Сабина, «Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжі» ЖММ студенті, жетекшісі Жолкенова Гулзада.

«Жүрегімнен, жанымнан  жыр жазамын, сыр айтам»бағыты бойынша:

         1 орын – Бексары Ақтілек, «Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжі» ЖММ студенті, жетекшісі Даулетбаева Салтанат Кусмановна;

         2 орын–Еркебұлан Ислам Ғалымжанұлы, «Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі» КМҚК студенті, жетекшісі Касимова Бахытжамал Сагиндыковна;

         3 орын –Серік Назерке Жанболатқызы, «Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі» КМҚК студенті, жетекшісі Уатаева Гүлмира Сұлтанмұратовна;

         «Ән мен күй, өлең, сені қоя алмаспын»бағыты бойынша:

         1 орын– Казимова Ақниет, «Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі» КМҚКстуденті, жетекшісі Кадирберлина Роза Мусралиевна;

         2 орын–Нұрғазы Нұркелді Нұрділдәұлы, «Қарағанды жоғары политехникалық колледжі» КМҚК студенті, жетекшісі Омарова Бакытгуль Зинелгабдиновна;

         3 орын–Турсынбаева Арайлым Еркебұлановна. «Шет тілдер колледжі» ЖММ студенті, жетекшісі Съязхан Бейбетгул;

Байқау барысында Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінің өнерпаздары өнер көрсетті.