Размер шрифта:
Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «ЛОГИКА КҮНІ» шеберлік сыныбы
24-11-2023 14:42
Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «ЛОГИКА КҮНІ» шеберлік сыныбы

      Қарағанды ​​облысының білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы  2023 жылдың қазан айынан бастап «Логика күні» жобасын жүзеге асыруды жалғастыруда. Жобаның ережесі мен шеберлік сабақ кестесі бекітілді. Жобаны жүзеге асыруды үйлестіру мақсатында шығармашылық топ мүшелері анықталды. 24 қараша күні педагогикалық тәжірибе алмасу,бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін арттыру, шығармашылық әлеуетін дамыту мақсатында мақсатында облыс мұғалімдеріне шеберлік сабақтары өткізілді. Шеберлік сабақтарда «Ақиқат кестесі», Гаусс, Граф әдістерімен логикалық есептер шығарылды.

        Өткізілген шеберлік сабақтар:

  1. Мукашева Бигуль Сабитовна, «Ә.Ермеков атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ, Қарқаралы ауданы.   
  2. Алимжанова Акерке Сагатовна «академик Орынбек Жәутіков атындағы жалпы білім беретін № 1 мектеп» КММ. Қарқаралы ауданы.
  3. Ибраева Гулзия Майдабековна«№14 мектеп-гимназия» КММ. Қарағанды қаласы.