«Кітап құпиялары»
29-11-2023 09:28
«Кітап құпиялары»

      23.11.2023 жылы Қарағанды облысының білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы КМҚК «Алмагүл» бөбекжайы базасында «Кітап құпиялары» тақырыбында «Оқу сауаттылығы» функционалдық апталығының қорытындысы бойынша облыстық семинар - практикум өткізді.

Семинардың мақсаты-оқу сауаттылығы бойынша инновациялық формаларды, әдістер мен тәсілдерді қолдану, сондай-ақ облыстың мектепке дейінгі ұйымдарының кәсіби құзыреттілігін арттыру.

 Жұмыстың заманауи дәстүрлі емес түрлері ұсынылды: әдеби круиз, «Tunnel book», тимбилдинг, библиокафе, шеберлік сыныптары және танымдық эстафета. Семинарға Қарағанды қаласының «Алмагүл», «Еркетай», «Балақай», «Айсұлу», «Бәйтерек», «Мөлдір» бөбекжайлары қатысты.

Қарағанды, Теміртау, Шахтинск, Балқаш, Саран, Приозерск қалаларынан, сондай-ақ Абай, Ақтоғай, Бұқар Жырау, Қарқаралы, Нұра, Осакаров, Шет аудандарынан 60-тан астам педагог қатысты. Семинарға қатысушылар семинар жоғары деңгейде өткізілгенін, әркім өзі үшін пайдалы және маңызды ақпарат алғанын атап өтті.