Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының 1-2 курс студенттері арасындағы «Тәуелсіздіктің тамыры терең, тұғыры биік» тақырыбындағы «Егемен Қазақстан тарихы» облыстық олимпиадасы
28-11-2023 08:41
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының 1-2 курс студенттері арасындағы «Тәуелсіздіктің тамыры терең, тұғыры биік» тақырыбындағы «Егемен Қазақстан тарихы» облыстық олимпиадасы

      2023 жылдың 28 қарашасында «Қарағанды облысында білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы» КМҚК басшылығымен  Шет тілдер колледжінде 1-2 курс студенттері арасындағы «Тәуелсіздіктің тамыры терең, тұғыры биік» тақырыбындағы «Егемен Қазақстан тарихы»  атты облыстық олимпиада өтті.

Мақсаты:Қазақстан тарихы бойынша аймағымыздағы үздік студенттерді анықтау, еліміздің тарихи дамуын, мәдени мұраларын оқып- үйрену арқылы туған ел мен жерге, ұлттық сана мен бірлікті көрсете отырып, қазақстандық патриотизмнің озық үлгісін қалыптастыру.

          Байқауға Қарағанды облысының 33 колледжінен 53 студент қатысты.

Олимпиаданың  ашылу салтанатында Қарағанды  облысында білім  беруді  дамытудың оқу-әдістемелік орталығының техникалық және кәсіптік  білім беру бөлімінің  әдіскері Баймағанбетова Турсын Мукановна, Шет тілдер колледжінің басшысы Турмухамбетова Гулнар Сарқытбаевна сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

          Байқау  екі кезеңнен тұрды. Олимпиаданың I іріктеу кезеңі тестілеу түрінде болды. Тестілеу нәтижелері бойынша 15 балдан жоғары жинаған 15 студент  қазылар алқасының шешімімен екінші кезеңге өтті. Олимпиаданың II қорытынды кезеңі жазбаша эссе түрінде өткізілді.

 Байқау қорытындысы бойыншаекі бағытта жеңімпаздар анықталды. Қарағанды облысының білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының диплом, сертификатымен марапатталды.

          Қазақ бөлімі бойынша:

         1 орынТурганова Балнур Бериковна, «Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі» КМҚК студенті, жетекшісі Аяганов Алтай Бадеевич;

         2 орынЖұмеке Айым, «Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжі» ЖММ студенті, жетекшісі Насырова Асемгуль Казбековна;

         3 орынНесипбек Зарина,«Қазақмыс» корпорациясының политехникалық колледжі ЖММ студенті, жетекшісі  Шайжанова Гулзада Карифуллаевна.

Орыс бөлімі бойынша:

         1 орынБарабанова Яна Дмитриевна,«Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі» КМҚК студенті, жетекшісі Утебаев Дархан Сембаевич;

     2 орынЖанабек Рахметолла Жандарбекұлы,«Қазақмыс» корпорациясының политехникалық колледжі ЖММ студенті,  жетекшісі Шайжанова Гулзада Карифуллаевна;

    3 орынСейтмуратов Алихан Диасович,«Ә.Мусин атындағы Балқаш гуманитарлы-техникалықколледжі» КМҚК студенті, жетекшісі Сабанбаева Жаухар Абдимуталимовна.

Олимпиада  барысында Шет тілдер колледжінің студенттері өнер көрсетті. Қатысушылар Қарағанды облысының білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының сертификатымен, жеңімпаздар дипломмен марапатталды.