Размер шрифта:
«Жас әдіскер мектебі» шеңберіндегі «Педагогикалық қызмет: қарым-қатынас стилі. Педагогтерде оң уәждеме жасау» тақырыбы бойынша семинар (Жас әдіскерлерді оқытудың екінші кезеңі)
29-11-2023 08:45
«Жас әдіскер мектебі» шеңберіндегі «Педагогикалық қызмет: қарым-қатынас стилі. Педагогтерде оң уәждеме жасау» тақырыбы бойынша семинар (Жас әдіскерлерді оқытудың екінші кезеңі)

      2023 жылдың 29 қарашасында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік  орталығының басшылығымен Қарағанды тау-кен индустриалды колледжінің базасында «Жас әдіскер мектебі» (Жас әдіскерлерді оқытудың екінші кезеңі) аясында облыстық семинар өткізілді.

Семинар жас әдіскерлердің педагогикалық қызмет:  қарым-қатынас стилі, оқыту әдістері және педагогикалық қызметке оң мотивацияны қалыптастыру туралы білімдерін кеңейту және тереңдету мақсатында «Педагогикалық қызмет: қарым-қатынас стилі. Педагогтерде оң уәждеме жасау» тақырыбында өтті.

Семинардың ашылуында «Қарағанды тау-кен индустриалды колледжі» КММ директоры Н.А. Әбденов «Әдістемелік қызмет жұмысының маңыздылығы» тақырыбымен; «Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы» КМҚК техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің меңгерушісі А. А. Кнашина «Алға қадам» жобасын жүзеге асыру шеңберіндегі «Жас әдіскер мектебінің» жұмысы туралы тақырыбымен сөз сөйледі.

Бұдан әрі бекітілген бағдарламаға сәйкес «Қарағанды тау-кен индустриалды колледжі» КММ педагогтары тыңдаушыларға келесі жұмыстарды ұсынды:

  • «Колледж бойынша виртуальная экскурсия», Босиков А.Г., өндірістік оқыту шебері;
  • «Танысу» жаттығуы, Демченко А.В., педагог-психолог;
  • «Педагогикалық қызмет: қарым-қатынас стилі. Педагогикалық жағдайларды шешу» тақырыбында баяндама, Тофан К.А., әдіскер;
  • «Педагогтерде оң уәждеме жасау»тақырыбында баяндама,Демченко А.В., педагог-психолог.

Семинар соңындаколледжәдіскерлерінің облыстық әдістемелік бірлестігінің төрайымы Кашина Е.А. және модераторлар рефлексия жүргізді, онда тыңдаушылар қызықтырған сұрақтарға жауап алды, ұсыныстар берілді және оқытудың қорытындысы шығарылды.

Семинар қорытындысында «Қарағанды тау-кен индустриалды колледжі» КММ өндірістік оқыту шебері З.Б. Рымканова  оқу шахтасына экскурсия өткізді.

Семинарға  облыс колледждерінің 19 әдіскері қатысты.