2023 жылдың 30 қарашасында «Қарағанды облысында білім беруді дамытудың ғылыми-әдістемелік орталығы» КМҚК басшылығымен «Теміртау индустриалды - технологиялық колледжі» КММ Құқықтық мәдениетті арттыру және девиантты мінез-құлықтың алдын алу жүйесін құру жолдарымен тәжірибе алмасу мақсатында «Студент жастар арасында құқықтық мәдениетті арттыру және девиантты мінез - құлықтың алдын алу» тақырыбында ІІІ ғылыми-практикалық конференция өткізілді.
«Теміртау индустриалды-технологиялық колледжі» КММ директоры «Құқықтық мәдениет – тұлғаның ерекше жағдайы» тақырыбында сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Конференцияда «Кәмелетке толмағандардың әкімшілік-құқықтық жауапкершілігі» тақырыбымен «Қарағанды облысы полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасы» ювеналды полиция бөлімінің аға инспекторы, полиция подполковнигі Тультаева Факизат Мукановна баяндама жасады.
Конференция үш бағытта өтті:
- «Студент жастар арасында құқықтық мәдениетті арттыру және девиантты мінез-құлықтың алдын алу»;
- «Виртуалды кеңістіктегі жастардың девиантты мінез-құлқы: Кибербуллинг»;
- «Колледж ата-аналары, педагогтары және студенттермен жұмыс кезінде «Жеткіншектің Жеті Жарғысы» жобасын іске асыру шаралары.
Конференция жұмысына 8 студент және 24 педагог қатысты.