Қарағанды облысында білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы «Алмагүл» бөбекжайы КМҚК базасында «Құндылыққа негізделген тәрбие мен білім» облыстық форумы аясында «Біртұтас тәрбие бағдарламасын» іске асыру барысында «Әжемнің ертегісі» жобасының ашық есік күнін өткізді.
Ашық есік күнінің мақсаты-қазақ халық ертегілеріне баулу арқылы тілдік құзіреттілікті, ұлттық мұраны, ұлттық адами құндылықтарды қастерлеуге, ісіне, халқына адал қызмет ететін, кішіге ізет, үлкенге құрмет көрсететін және ұлттық мәдениетті құрметтейтін Отаншыл, мемлекетшіл, намысшыл өскелең жас ұрпақты рухани - адамгершілік қасиетке тәрбиелеу.
Жұмыстың дәстүрлі түрлері: «Әжемнің ертегісі» жобасын іске асыру моделі, «Ата- баба мұрасы-ұрпаққа өнеге» шағын мұражайы, «Қазақ халық ертегілері бойынша театрлар көрмесі» театр шеберханасы. Сонымен бірге, заманауи дәстүрлі емес түрлері: әдеби косплей, квест ойындары және ертегілер бойынша Робот-тышқан саяхаты ұсынылды.
Қарағанды, Теміртау, Шахтинск, Саран, Шахан қалаларынан, сондай-ақ Бұқар Жырау, Нұра, Шет аудандарынан 30-дан астам педагог қатысты.
Іс-шараның қонақтары: Қарағанды облысының тілдерді дамыту басқармасы жанындағы «Ресурстық тіл орталығы» меңгерушісі Жұпар Рысқұлқызы, Қарағанды облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасынан Түсіпбаева М.Ж., Минжанова А.Б., Қарағанды облысының мектепке дейінгі қызметкерлер қауымдастығынан Сулейменова Л.К., Ульянова Н.А., Серікбаева Б. С., Әділбекова Г.М.
Семинарға қатысушылар семинар жоғары деңгейде өткізілгенін, әркім өзі үшін пайдалы және маңызды ақпарат алғанын және оны әріптестеріне жеткізетінін атап өтті.