2023 жылдың 6 желтоқсанында Қарағанды облысының білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы ұйымдастырған «Құндылыққа негізделген тәрбие мен білім» облыстық форумы аясында «Заманауи педагог - ұлттық мүдденің, мұрат пен ар-ожданнның жетелеушісі» тақырыбында семинар өтті.
Абай ауданының педагогтары мектепке дейінгі буындағы
«Тәрбие берудің бірыңғай бағдарламасы» бағыты мен негізгі идеялары іске асыру бойынша жұмыс тәжірибесімен бөлісті. Бұл бағдарлама қазақ халқының ұлттық, жалпыадамзаттық құндылықтарына негізделген.
Семинарға қатысушыларға үш бағыт бойынша жұмыс ұсынылды: ұлттық қызығушылық, ар-ождан, ұмтылыс. Бұл «Ұлттық құндылықтарды сақтай отырып, біз болашақты сақтаймыз», «Бүгінгі жастар - кешегі балалар - болашақ ата- аналар» «Сүйікті өлкеме арналады» шеберлік сағаты, «Асық ату» бейнеролигі көрсетілді. «Бірлесіп жасап шығарайық» рефлексивті бөлігінде семинарға қатысқан облыс педагогтары «Педагог - ата -ана - бала» үштігі аясында бағдарламаның күтілетін нәтижелерінен тірек сөздер бойынша шығармашылық танытып, өлең жазды.
Мұндай іс-шаралар педагогтардың жұмыс бағытын анықтауға, өзін-өзі тәрбиелеуге және шығармашылық потенциалын ашуға ықпал етеді.
Барлығы 85 адам