2023 жылдың 5 желтоқсанында Қарағанды жоғары политехникалық колледжінде Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының басшылығымен «Бірыңғай тәрбие бағдарламасына» сәйкес «Ақылың болса, арыңды сақта,Ар, ұят керек әр уақытта» атты іс-шарасы өтті.
Іс-шараның мақсаты: жастардың ұлттық мүдде санасын адами ар-ождан, ұят ілімі арқылы оятып, академиялық адалдықты ұстануға, адамгершілік болмысты арттырып, қазіргі қоғам өміріне бейімделулеріне жол ашу.
Шара барысында студенттер күй орындап, Абай, Шәкәрім, Қасымның адамгершілік туралы өлеңдерін оқып, Ыбырай Алтынсариннің «Данышпан қазы» шығармашылығы бойынша сахналық қойылым көрсетті.
Іс- шараның басты қонағы ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша филиалы жанындағы ақпараттық- ағартушылық пул спикері Абишев Жомарт Сүлейменұлы студенттерге ар- ождан, ұят, адалдық туралы халық даналығымен сабақтастыра отырып, қазақ ұлтының бойындағы адамгершілік қағидаттары туралы әңгіме-сұхбат жүргізді. Студенттер өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын қойып, толық жауаптар алды.
Аталмыш іс- шара студенттер бойында адами құндылық бағдарының тұрақталуына, адамдық болмысты сақтай білуге ынта-жігерді жағып, ұят пен адамдық борышты жете түсінуге жол аша түсті.
Іс-шараны қазақ тілі мен әдебиет пәні оқытушылары Ш.Ж. Алипбекова., Б.З. Омарова 1-2 курс студенттерімен өткізді.
Іс-шараға 40 студент пен 10 педагог қатысты.