«Оқуға құштар мектеп», «Ғибрат» әжелер мектебі жобалары аясында «Білім көзі-кітапта» тақырыбындағы іс-тәжірибе алмасу семинары
04-12-2023 17:21
 «Оқуға құштар мектеп», «Ғибрат» әжелер мектебі жобалары аясында «Білім көзі-кітапта» тақырыбындағы  іс-тәжірибе алмасу семинары

      2023 жылдың 4 желтоқсанында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес «Дарын» мамандандырылған мектеп-лицей интернаты» КММ-нің педагогтері іс тәжірибесін таратты. Іс-шараға облыстық мамандандырылған мектеп-лицей интернаттары, арнайы мектеп-интернаттары директорларының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары мен кітапханашылары қатысты.

Семинар барысында «Ғибрат» әжелер мектебінің жұмысы,  «Оқуға құшар мектеп» жобасы аясында «Үйреткен әдеп-ибасын, әжемнің өзі бір мектеп» әдеби-сазды композициясы мен қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі мұғалімдері мен  интернат тәрбиешілері шеберлік сағаттарын көрсетті. Іс-шара соңында  мектеп оқушыларының қатысуымен М. Әуезовтың «Айман-Шолпан» драмалық комедиясынан қойылған қойылым ұсынылды.