Размер шрифта:
«Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша жұмыс жүйесі» тәжірибені тарату семинары
13-12-2023 16:45
«Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша жұмыс жүйесі» тәжірибені тарату семинары

      2023 жылдың 13 желтоқсанындаоқу-әдістемелік орталығы кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мәселесі бойынша жалпы білім беру ұйымдарының директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына, әлеуметтік педагогтеріне, педагог-психологтеріне семинар өткізді.

Өз тәжірибесімен Қарағанды қаласының №66 мектеп-лицейінің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары А.Ж. Сарсембаева, Д.М. Мусаева; педагог-психологтері С.А. Ткаченко, Г.Е. Солтанбекова; әлеуметтік педагогі А. К. Муратбаева бөлісті.

Семинар барысында спикерлер кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі жұмыс жүйесін, оның ішінде психологиялық сүйемелдеуін көрсетті. Сонымен қоса девиантты мінез-құлықты балалармен жұмыс жасау және кәмелетке толмағандардың сабақтан тыс іс-әрекетін ұйымдастыруға ерекше рөл беріледі.