Размер шрифта:
Білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингі бойынша воркшоптар
13-12-2023 14:42
Білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингі бойынша воркшоптар

      2023 жылдың 13 желтоқсанында Қарағанды облысында  білім беруді дамытудың оқу әдістемелік орталығының  ұйымдастыруымен мамандандырылған мектеп-интернаттарының  және қалалық, аудандық білім бөлімінің қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімдеріне ZOOM платформасы арқылы  Білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингі бойынша воркшоптар өткізілді.

      Оқу-әдістемелік орталығының әдіскері Г.Жаркеева Қарағанды ​​облысының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерін Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының оқу жетістіктерін бақылауға қатысатын орта білім беру ұйымдарына әзірлеген әдістемелік ұсыныстарымен таныстырып, БЖБМ шеңберінде мұғалімдердің алдағы уақыттағы атқарылатын іс-шаралар бойынша ұсыныстар айтты.

      Сонымен қатар, Саран қаласы «№16 ЖББМ» КММ мұғалімі  Урпебаева Гульмира Орембековна оқушылардың оқу сауаттылығын дамытуда қолданатын  тиімді әдіс-тәсілдерімен бөлісті.

Семинарға облыстың 100-ге жуық педагогтері қатысты.