Физика, математика, информатика пәні мұғалімдеріне арналған Республикалық «ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯЛАР ФЕСТИВАЛІ» конкурсының облыстық кезеңі
14-12-2023 17:31
Физика, математика, информатика пәні мұғалімдеріне арналған Республикалық «ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯЛАР ФЕСТИВАЛІ» конкурсының облыстық кезеңі

      2023 жылдың 14 желтоқсанында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығымен физика, математика, информатика пәні мұғалімдеріне «Шеберлік палитрасы» бағыты бойынша Республикалық «ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯЛАР ФЕСТИВАЛІ» конкурсының облыстық кезеңі өткізілді. Барлығы 18 педагог қатысты

Байқау қоғамға өзінің зияткерлік еңбегінің нәтижесін көрсеткісі келетін және кәсіби қауымдастықтың ішінде үздік педагогикалық тәжірибесімен бөліскісі келетін белсенді және шығармашыл педагогтерге бағытталған.

Байқаудың мақсаты - педагогтердің шығармашылық өзін-өзі жүзеге асыруы мен кәсіби өсуін ынталандыру, Қазақстан мектептері басшылары мен мұғалімдерінің инновациялық тәжірибесін зерделеу және тарату.