Размер шрифта:
Ағылшын тілінде сабақ беретін жаратылыстану-математика бағытындағы пән мұғалімдерінің Республикалық «ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯЛАР ФЕСТИВАЛІ» конкурсының облыстық кезеңі
15-12-2023 16:43
Ағылшын тілінде сабақ беретін жаратылыстану-математика бағытындағы пән мұғалімдерінің Республикалық «ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯЛАР ФЕСТИВАЛІ» конкурсының облыстық кезеңі

      2023 жылдың 15 желтоқсанында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығымен ағылшын тілінде сабақ беретін жаратылыстану-математика бағытындағы пән мұғалімдеріне «Шеберлік палитрасы» бағыты бойынша Республикалық «ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯЛАР ФЕСТИВАЛІ» конкурсының облыстық кезеңі өткізілді.

Байқау қоғамға өзінің зияткерлік еңбегінің нәтижесін көрсеткісі келетін және кәсіби қауымдастықтың ішінде үздік педагогикалық тәжірибесімен бөліскісі келетін белсенді және шығармашыл педагогтерге бағытталған.

Байқаудың мақсаты - педагогтердің шығармашылық өзін-өзі жүзеге асыруы мен кәсіби өсуін ынталандыру, Қазақстан мектептері басшылары мен мұғалімдерінің инновациялық тәжірибесін зерделеу және тарату.