Размер шрифта:
Қазақ тілі мен әдебиеті пәндері мұғалімдерінің «Педагогикалық идеялар фестивалі» республикалық байқауының облыстық кезеңі
15-12-2023 08:11
Қазақ тілі мен әдебиеті пәндері мұғалімдерінің  «Педагогикалық идеялар фестивалі» республикалық байқауының облыстық кезеңі

      2023 жыл 15 желтоқсан Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы қазақ тілі мен әдебиеті пәндері мұғалімдері арасында «Педагогикалық идеялар фестивалі» республикалық байқауының облыстық кезеңін өткізді.

Фестивальдің мақсаты – педагогтердің шығармашылық және кәсіби өсуін ынталандыру, Қазақстан мектептерінің басшылары мен мұғалімдерінің инновациялық тәжірибесін зерттеу және тарату.

Байқауға қатысушылар 7 минут ішінде таратуға лайықты деген педагогикалық идеяларын ТЕD-хв форматында ұсынды. Қазылар алқасы қойылған мақсат, міндеттерін, мазмұнын, сөйлеуді дұрыс ұйымдастыруларын, идеялардың тиімділігі мен жеке жетістіктерін бағалады.