Размер шрифта:
"GEOINFO НАВИГАТОР" ЖОБАСЫН ІСКЕ АСЫРУ
19-12-2023 15:53
      Қарағанды облысының білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы 2023 жылғы 19 желтоқсанда ZOOM платформасында онлайн режимде география мұғалімдеріне арналған "Geoinfo навигатор" жобасын іске асыру шеңберінде нетворкинг өткізді. 
Бұқар жырау ауданының география пәні мұғалімдері Д. А. Тяжин, "Заречный жалпы білім беретін мектебі" КММ, М.К. Утегенова, "Ж. Көпеев атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ, А.Сках, "Байқадам жалпы білім беретін мектебі" өз іс-тәжірибелерімен бөлісті. Нетворкинг қатысушыларына география сабағында цифрлық білім беру ресурстары арқылы жоғары ақпараттық тұлғаны қалыптастыру тақырыбы оқытудағы әдістемелік тәсілдер ұсынылды. Мұғалімдер интернет-ресурстарды пайдалану арқылы оқушылардың ойлау процесін ұйымдастыруды, жаратылыстану-ғылыми сауаттылықты дамытуға арналған тапсырмаларды көрсетті. 
"Тектоника" тақырыбын зерттеу кезінде формативті бағалауды ұйымдастыруға ерекше назар аударылды. Дескриптор балаларға сабақ тақырыбындағы қиындықтарды анықтауға көмектеседі және кері байланысқа ықпал етеді.
Қатысушылар саны:100 педагог.