Орыс тілі мен әдебиеті сабақтарында оқу сауаттылығын қалыптастырудың заманауи әдістері мен тәсілдері
20-12-2023 17:58
Орыс тілі мен әдебиеті сабақтарында оқу сауаттылығын қалыптастырудың заманауи әдістері мен тәсілдері

          Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығымен 2023 жылғы 20 желтоқсанда  орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері үшін  «Орыс тілі мен әдебиеті сабақтарында оқу сауаттылығын қалыптастырудың заманауи әдістері мен тәсілдері»  шеберлік-сыныбы өткізілді. Семинар барысында ОӘО әдіскері Ксения Петровна Цой, Е.А.Бөкетов атындағы ҚарУ профессоры, орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы Қарағанды облысы бойынша 2023 жылға арналған ББЖМ нәтижесінің талдауымен бөлісті. «Көпекті ЖББМ» КММ орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Айша Амангельдыевна Асанканова функционалдық сауаттылықты дамытуға бағытталған мәтіннің талдауымен өзінің педагогикалық қызметінде қалай жұмыс істейтінін көрсетті. Приозерск қаласының «№ 1 ЖББМ» КММ орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жангил Таировна Мырзабекова функционалдық сауаттылықты дамытудағы жұмыс барысында білім беру тәжірибесі мен әдістемелік шешімдері туралы айтып берді.  Нұра ауданының Ы.Алтынсарин атындағы тірек мектебі» КММ орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Анар Асылхановна Ержановна заманауи білім беру технологияларын қолдану арқылы «Этимологический анализ слова как фактор развития функциональной грамотности школьников» тақырыбында жұмыс тәжірибесімен бөлісті. Шеберлік-сыныпқа Қарағанды облысының 50 орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі қатысты.