Көркем еңбек мұғалімдеріне арналған шеберлік сыныптар.
20-12-2023 17:48
Көркем еңбек мұғалімдеріне арналған шеберлік сыныптар.

      Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы 2023 жылдың 20 желтоқсан күні ZOOM платформасы арқылы эстетикалық цикл мұғалімдеріне арналған шеберлік сыныптар ұйымдастырды.

Шеберлік сыныптарда «Педагогикалық идея» облыстық байқауының жеңімпаздары өз іс-тәжірибелерімен бөлісті:

  • Алиев Толеубек Рымбаевич, Қарағанды қаласы «№4 арнайы мектеп - интернаты» КММ көркем еңбек пәні мұғалімі («Құлагер» мұғалім шығармашылығынан);
  • Касымжанова Рита Еркиновна, Қарағанды қаласы Слямия Саттаров атындағы мектеп-лицейінің көркем еңбек пәні мұғалімі (Гобелен кілемін тоқу өнері);
  • Нарынова Айнұр Мансурқызы, Балқаш қаласы «№10 арнайы мектеп- интернаты» КММ. мұғалім –дефектолог («Ұлттық қол өнер дәстүрі. Текемет». Құрғақ киіз басу әдісі).

Шебер сыныпқа 80 жуық педагогтер қатысты.