2023 жылдың 21 желтоқсанында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы мен Теміртау қаласы білім бөлімінің «№8 жалпы білім беретін мектебі» КММ ұйымдастыруымен «Бір отбасы-бір кітап» акциясы аясында облыстық семинар өткізілді.
Мақсаты: Акция аясындағы мектепішілік «Тұлғаны тану» жобасының жұмысымен таныстыру, ұлы тұлғаларды танып, білу арқылы жастардың бойында тұлғалық қасиеттерді дамыту, оқуға құштар ұрпақ тәрбиелеудегі тұлғалар рөлін насихаттау.
Семинар мектеп директорыУсенова Гульбарам Есжановнаның«Шаңырақтың ұйытқысы» тақырыбындағы таныстырылымымен басталып, тақырыптық көрмемен және танымал тұлғалар ізбасарларының ант беру салтанатымен жалғасты. Семинар барысында «Оқырман отбасы» байқауының ақтық кезеңіне өткен аталмыш мектептен Рахметолла отбасы Ғабит Мүсіреповтің «Ұлпан» романынан театрландырылған қойылым қойса, «Мен тұлғаны танимын» айдарымен мектепішілік тұлға ізбасарларының жұмысы, яғни «Тұлғаны тану» жобасының жүзеге асырылу барысы көрсетілді.
Семинарға қалалық мәслихат депутаты Мамитова Баян Кенжебаевна, Қалалық ақсақалдар алқасының мүшесі Серік Метаевич, «Теміртау тынысы» газетінің тілшісі Советкүл Бекбосыновна, «Құрыш қала» газетінің тілшісі Алтайбаева Серікгүл Жапарбайқызы, Қарағанды облысы Теміртау қалалық «Аманат» партиясы филиалының жетекшісі Ажиков Нұржан Хабиболлаевич, мектеп директорлары, директор орынбасарлары мен педагогтер қатысты.
Семинарға барлығы 100-ге жуық адам қатысты.