Размер шрифта:
Білімпаз ғалым, ақын, асқан ойшыл Қожа Ахмет Ясауидің 930 жылдығына арналған «Қожа Ахмет Яссауи өмірі мен философиялық мұрасы» атты облыстық дөңгелек үстелі
20-12-2023 18:04
Білімпаз ғалым, ақын, асқан ойшыл Қожа Ахмет Ясауидің 930 жылдығына арналған «Қожа Ахмет Яссауи өмірі мен философиялық мұрасы» атты облыстық дөңгелек үстелі

      2023 жылдың 20 желтоқсанында  Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы және Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжінің ұйымдастыруымен колледж кітапханашыларының  облыстық әдістемелік  бірлестігі  жұмысының шеңберінде  білімпаз ғалым, ақын, асқан ойшыл,түркі жұртының рухани атасы Қожа Ахмет Ясауидің 930 жылдығын аарналған «Қожа Ахмет Яссауи өмірі мен философиялық мұрасы» атты облыстық дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек  үстелге техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының кітапханашылары және қоғамдық пәндер оқытушылары қатысты.

Іс-шараның  мақсаты: білімпаз ғалым, ақын, асқан ойшыл, бүкіл түркі жұртының рухани атасы, сопылық әдебиеттің өкілі,әділ өмірге, адамгершілікке және дәстүрлі жолға шақыратын Қ. А. Ясауидің бай рухани мұрасын насихаттау, зерделей түсу.

          Іс-шараның басты қонағы«Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті» тарих факультеті  «Қазақстан тарихы» және «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының оқытушысы Мустафин Еркебұлан Ержанұлы «Қожа Ахмет Яссауи өмірі мен философиялық мұрасы» туралы айтып өтті.

           «Қожа Ахмет Ясауи мұрасы және Түркі Ислам өркениеті» бағыты бойынша«Қарағанды агротехникалық колледжі» КМҚК тарих, құқық және экономика негіздері оқытушысы  Ковалёва Елена Фёдоровна,  «Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжі» ЖММ кітапхана меңгеушісі Калиева Гаухар Серікқызы;  «Қожа Ахмет Ясауи хикметтеріндегі адамдық мұрат пен имандылық негіздер» бағыты бойынша «Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжі» КМҚК «Кітапхана ісі» бөлімінің меңгерушісі Муханбетчина  Кызылгуль  Советовна, «Ә.Мусин атындағы Балқаш гуманитарлы - техникалық колледжі» КМҚК тарих пәнінің оқытушысы Балтабаева Меруерт Аманбековна; «Ясауи мұрасы және қазақ руханиятындағы танымы» бағыты бойынша «Теміртау техникалық колледжі» КММ тарих пәнінің оқытушысыМустафина Жумазья Михайловна; «Қожа Ахмет  Иасауи кесенесіндегі ұлттық құндылықтар»  бағыты бойынша«Теміртау кәсіптік-техникалық колледжі» КМҚК тарих пәнінің оқытушысыЯрулина Алия Мадияровна,  «Болат Әбдікәрімов атындағы Нұра көпсалалы колледжі» КМҚК тарих пәнінің оқытушысыЖумашева Раушан Нажмудиновна, «Қарағанды жоғары медициналық интерколледжі» ЖММ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қабылова Перизат Төкенқызы, «Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғарғы гуманитарлы-техникалық колледжі» КМҚК кітапханашысыКонурова Гулнур Кайржановна өз іс тәжірибелерімен бөлісті. Ашық диологке негізделген дөгелек үстел барысында баяндамашыларҚожа Ахмет Яссауи мұрасы жайында құнды деректермен, тың ақпараттармен танысып, пікір алмасты. Дөңгелек үстел жұмысына 35 оқытушылар мен кітапханашылар қатысты.