Размер шрифта:
«АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА ҚАДАМ» ОБЛЫСТЫҚ АГРОСЫНЫП ЖОБАСЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ
21-12-2023 15:22
«АУЫЛ  ШАРУАШЫЛЫҒЫНА  ҚАДАМ»  ОБЛЫСТЫҚ АГРОСЫНЫП  ЖОБАСЫНЫҢ  ЖҮЗЕГЕ  АСЫРЫЛУЫ

      Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу – әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес 2023 жылдың 21 желтоқсан күні онлайн режімінде "Ауыл шаруашылығына қадам" кәсіби бейіндік агросынып жобасының Осакаров, Шет аудандарында жүзеге асырылуы» тақырыбында тәжірибе алмасу семинары өтті.

          Бекітілген бағдарламаға сәйкес «Құндылыққа негізделген тәрбие мен білім» облыстық форумындағы агросынып жұмысының қорытындысымен ББД ОӘО әдіскері Толеубаева Г.А. таныстырды.

«Реализация профильного проекта «Шаг в сельское хозяйство», «Развитие интереса к профессиям сельского хозяйства - залог осознанного выбора будущей профессии», «Кәсіптің қайнар көзі – ауылда», «Ауыл шаруашылығына қадам» жобасы аясында кәсіптік бағдар беру жұмыстарының ұйымдастырылуы» тақырыптарында Осакаров ауданының «№3 ЖББМ директорының  тәрбие жұмысы бойынша орынбасары Киямова Т.Н, № 15 ЖББМ көркем еңбек пәні мұғалімі Дмитриев К.Ф. және Шет ауданының  «Ақой ЖББМ», «Шет ЖББМ» кәсіби бағдар берушілері Закирбеков Е.Д., Қаржауқызы Н. жоба  аясында атқарылған жұмыстарының қорытындысымен таныстырып, өз іс – тәжірибелерімен бөлісті, алда атқаратын жұмыс жоспарларымен таныстырды.

          Семинарға қатысушылар жобаны жүзеге асыру бойынша әріптестерінің жақсы жұмыстарын атап өтіп, сұрақтарын қойды.

Семинар жұмысына  85  педагог  қатысты.