Размер шрифта:
«Туған өлке сырлары» жобасын жүзеге асыру
22-12-2023 16:20
«Туған өлке сырлары» жобасын жүзеге асыру

      Қарағанды облысында білім беруді дамытудыңоқу-әдістемелік орталығы 2023 жылғы 22 желтоқсанда ZOOM платформасында онлайн режимде тарих және география мұғалімдеріне арналған «Өз өлкеңді сүй және біл» тақырыбы бойынша нетворкингөткізді.

Осакаров ауданының «№13 жалпы білім беретін мектебі» КММ педагогтары Н. В. Клинюшина, Г. К. Мукажанова, А. А. Науменко, А. В. Мерещанова, А. Бажабек, И. Г. Котвицкая, Г.К. Кошель білім алушылардың  ұлттық тәрбиесінің маңызды факторы ретінде туған өлкеге деген сүйіспеншілікті нығайту арқылы «Туған өлке сырлары»  жобасын іске асыруда өздерінің педагогикалық тәсілдерін ұсынды.

 «№13 жалпы білім беретін мектебі» КММ-де қызықты тағдырларымен  алуан түрлі өмір тарихы қамтылған «Өмір бойғы ісі» бейнесюжеті ұсынылды.Бұл жобаның басты ерекшелігі - біздің кіші Отанымыз, Қазақстан Республикасының игілігі үшін еңбек еткен және еңбек етуді жалғастырып келе жатқан адамдардың зор жауапкершілігі мен еңбекқорлығы.

100 педагог қамтылды.