Размер шрифта:
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Кітап-рухани құндылық» тақырыбындағы семинар-практикум
22-12-2023 08:57
 «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында  «Кітап-рухани құндылық» тақырыбындағы  семинар-практикум

      2023 жылдың 22 желтоқсанында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы білім беру ұйымдарының жас кітапханашыларына арналған «Кітап—рухани құндылық» семинар-практикумын өткізді.

Семинар-практикумға Абдугалиева Фарида Дауытовна, Қарағанды қ. «№14 мектеп-гимназиясы» КММ кітапхана меңгерушісі, Облыстық кітапханашылар ассоциациясының төрағасы; Соколенко Елена Владимировна, Теміртау қ. «№7 жалпы білім беретін мектебі» КММ кітапхана меңгерушісі, Теміртау қ. кітапханашылар ассоциациясының төрағасы; Сережақызы Айсана, Қарағанды қ. «№81 жалпы білім беретін мектебі» КММ кітапхана меңгерушісі спикер ретінде қатысып, заманауи кітапхана имиджі, көркемдік шығармаларды оқу және талдау әдісі, жаңа үлгідегі мектеп кітапханасы мәселелері бойынша іс-тәжірибелерімен бөлісіп, шеберлік сағаттар көрсетті. 

Іс-шара барысында жас кітапханашыларға «Р.Ш.Хасенов атындағы Қарағанды облысы білім беру саласының даму және құрылу тарихы мұражайы» атындағы оқу-әдістемелік орталығының мұражайы мен Қарағанды облысы жас педагогтеріне арналған «JANASHYL USTAZ» зертханасы таныстырылды.