2023 жыл 22 желтоқсан күні ZOOM платформасында қала, аудан және мамандандырылған мектеп-интернаттарының педагогтері үшін «МЕДИА СЫНЫП» жобасы аясында «БАҚ мақала жазу техникасы» тақырыбында нетворкинг өткізілді.
Оқу-әдістемелік орталықтың әдіскері Г.Б.Жаркеева облыстық педагогикалық «Ізденіс» газетінің мысалында газеттерге мақала жазудың құрылымы мен алгоритмін көрсетті.
Нетворкингтің негізгі тақырыбы бойынша Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы жанындағы Ресурстық тіл орталығының бөлім меңгерушісі, п.ғ.м. Жақан Жұпар Рысқұлқызы шеберлік сабағында бір-бірімен өзектес екі мәселеге тоқталды. Алдымен, мақала алдындағы баспалдақ ретінде әлеуметтік желіде жарияланатын пост және оның ерекшелігі туралы айтып өтті. Содан кейін ақпараттық-хабарламалық бағыттағы мақала туралы сөз қозғап, тақырып таңдау, мақаланың құрылым жүйесі, тілі, ақпаратты орналастыру тәрізді мәселелерге жеке-жеке тоқталды.
Теориясы мен практикалық тапсырмалары қоса берілген іс-шараға тыңдаушылар белсене қатысып, кері байланыс жасап отырды.
Іс-шараға барлығы 60-қа жуық облыс педагогтері қатысты.