Размер шрифта:
«Медицинаға қадам» медициналық сынып
22-12-2023 14:13
«Медицинаға қадам» медициналық сынып

      Қарағанды облысының оқу-әдістемелік орталығы Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасының «Қарағанды облыстық жоғары мейіргерлік колледжі» МК-мен бірлесіп 2022 жылғы 22 желтоқсанда «Медицинаға қадам» жобасын іске асыру бойынша онлайн сабақ өткізді.

Акушерлік және гинекология пәнінің оқытушысы Е.Г.Дубовская «Акушерлік іс» мамандығы балаларға өмір сыйлайтын мамандық және акушерлердің қайда еңбек ететінін түсіндіріп, осы мамандықтың қажеттілігі, артықшылықтары мен ерекшеліктері туралы айтып берді.

Клиникалық пәндердің оқытушысы А.Р.Миннеханова «Қол жуу - денсаулық кепілі» шеберлік сыныбын көрсетті.

Онлайн сабаққа Қарағанды облысы Бұқар жырау, Қарқаралы, Осакаров, Нұра, Ақтоғай, Шет аудандарының 7-9 сынып оқушылары қатысты. Барлығы 180 оқушы.