«Психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу - ерекше білім беруді қажет ететін балаларды табысты оқытудың, дамытудың және әлеуметтендірудің негізі» облыстық семинар
25 желтоқсанда Абай ауданы педагогтерінің инклюзивті практика тәжірибесін жинақтау мақсатында облыс мектептері директорларының орынбасарлары, педагогтері, арнайы педагогтері мен психологтеріне арналған «Психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу - ерекше білім беруді қажет ететін балаларды табысты оқытудың, дамытудың және әлеуметтендірудің негізі» атты семинар өтті.
Семинар барысында білім сабақтастығын жүзеге асыру үшін Абай қаласындағы Қ.Сәтбаев атындағы қосымша білім беру мектеп-орталығының және «Бөбек» арнайы бөбекжайының педагогтері балаларды психологиялық - педагогикалық сүйемелдеудің әр деңгейде қалай жүзеге асырылатынын көрсетті.
Сонымен қатар, семинарға қатысушылар логопед, психологпен жүргізілетін сабақтар кезінде, сондай-ақ робототехника және 3-D модельдеу сабақтары кезінде педагог-ассистенттің жұмысымен танысты.
Іс-шара соңында қонақтар №5 психологиялық-педагогикалық түзету кабинетіне барды, оның мамандары Абай ауданының білім беру ұйымдарымен тығыз ынтымақтастықта жұмыс жасайды.
Семинар нәтижелі өтті және педагогтерге одан әрі жұмыс істеу үшін жаңа шығармашылық идеялар мен бағыттар берді.