Оқу-ағарту Министрлігінің 2023-2024 оқу жылына арналған «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының тәрбие жұмысының кешенді іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру шеңберінде 2023 жылдың 25 желтоқсанында «Теміртау жоғары политехникалық колледжі» КМҚК базасында «Кел жастар, достық әнін шырқайық»атты XII Облыстық ұлттар мәдениетінің студенттер фестивалі өтті.
Аталған іс-шараны Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы» КМҚК басшылығымен «Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі» КМҚК ұйымдастырды.
Аталмыш Фестиваль дәстүрлі түрде биылғы жыл ХІІ рет өтті. Фестивальдің басты мақсаты қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары студенттерінің шығармашылық потенциалын ашу, рухани бірлік пен халықтар достығы идеясын тарату.
Фестивальді «Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы» КМҚК әдіскері Турсын Мукановна Баймагамбетова «Бірлік – біздің күшімізде» тақырыбында сөз сөйлеп, ашып берді және «Теміртау жоғары политехникалық колледжі» КМҚК директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ибраева Рымкуль Камиловна, «Тәуелсіздік – ел бақыты!» дей отырып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Фестивальге Қарағанды облысының 12 колледжінің шығармашылық ұжымдары қатысты. 100-ге тарта өнерпаздар өнер көрсетті.
Фестиваль соңында «Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы» КМҚК әдіскері Баймагамбетова Турсын Мукановна, «Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі» КМҚК директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жаяубаев Жанбол Карымсакович барлық қатысушыларға алғыс айтып, сертификаттар мен арнайы ескерткіш мүсіндерін табыстады.