Размер шрифта:
Қысқы мектеп аясында «SQL тіліндегі Bigdata негіздері» оқыту курсы
03-01-2024 16:56
Қысқы мектеп аясында «SQL тіліндегі Bigdata негіздері»  оқыту курсы

      2024 жылдың 3 қаңтар «Информатика» пәні мұғалімдеріне арналған қысқы мектеп аясында «SQL тіліндегі Bigdata негіздері»  оқыту курсы басталды. Курстын мақсаты пәнді оқыту сапасын арттыру үшін пәндік білім саласындағы информатика мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін жетілдіру.

Курс барысында келесі тақырыптарды қарастыратын болады:

1- күн.

  • Деректер қорының негізгі ұғымдары және мәліметтер базасын басқару жүйесі;
  • Big Data (Bigdata-ны пайдалануда оң және теріс әсерлерін бағалау);
  • Insert. Select. Update деректермен жұмыс;
  • SQL ұғымы. Кестелер мен модельдер;
  • PostgreSQL орнату

2 - күн.

  • SQLүлгілерінде сүзу үшін: WHERE;
  • SQL сұрыптау: ORDER BY;
  • SQL тілінде кесте құру;
  • SQL деректерді енгізу және өзгерту: INSERT, UPDATE, DELETE.

 

3 - күн.

  • JOIN жәнеSQLтүрлері;
  • Транзакция ұғымы;
  • Деректер базасындағы шектеулер;
  • Индекс ұғымы.

     Курстың соңында бақылау жұмыстарын сәтті тапсырған және 70% тәжірибелік жұмыс орындаған мұғалімдер «SQL тіліндегі Bigdata негіздері» оқу курсынан өткені туралы сертификаттар алады.