Размер шрифта:
ҚЫСҚЫ МЕКТЕП АЯСЫНДА «БЕЙНЕРОЛИК ЖАСАУ» ПРОБЛЕМАЛЫҚ ОҚЫТУ КУРСЫ
03-01-2024 15:30
ҚЫСҚЫ МЕКТЕП АЯСЫНДА «БЕЙНЕРОЛИК ЖАСАУ» ПРОБЛЕМАЛЫҚ ОҚЫТУ КУРСЫ

2024 жылдың 3 қаңтарынан бастап  педагогтерге арналған қысқы мектеп аясында «Бейнеролик жасау» проблемалық  оқыту курсы басталды. Курстын мақсаты: бейнеролик құру өнерінің негіздерін оқыту, бейне өнімдерін жасауға қызығушылықты дамыту. Бейнеролик құрудың негізгі тәсілдерін меңгеру, бейнесабақтар мен түрлі бейне-дыбыстық арнайы әсерлерді жасау, жасалып жатқан фильмнің дыбыстық сүйемелдеуімен жұмыс істеу бойынша негізгі білім алу. Курс барысында келесі тақырыптарды оқытылатын болады:

1- күн.

Movavi.Video.Editor 23.3.0 бағдарламасы жайлы ақпарат

Бағдарламаны орнату, қосымша құралмен таныстыру

Бағдарламаның интерфейсмен танысу

Бейне түсірілімді үйрету

Тапсырма

2 - күн.

Бейнені бағдарламаға жүктеу, дыбысын бөлу

Бейнені кескіндеу, өңдеу

Логотип жүктеу, пішінін өзгерту

Бейнені келесі видеоға өту жолына әсер қосу

Тапсырма

3 - күн.

Бейнедегі қабаттасатын бейнені енгізу

Титр қосу, титрге анимация, шрифт, фон, контур қосу

Дыбыс жүктеу, дыбысты панорамалау, фондық дыбыс қосу

Жобаны сақтау, қалай жобаны ашып жалғастыру

Бейнені сақтау форматтары, кеңейтімдер, сақтау

Жобаны қорғау, сұрақ – жауап

     Курс оқытушылары: Акижанов Ержан Нуржанович, Қарағанды қ., «№73 НОМ»КММ және Жарқымбек Алмас Айдосұлы, «Қарағанды индустриалды-технологиялық колледжі» КММ