Размер шрифта:
МАТЕМАТИКА ПӘНІ МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ ҚЫСҚЫ МЕКТЕБІ
05-01-2024 21:52
МАТЕМАТИКА ПӘНІ МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ ҚЫСҚЫ МЕКТЕБІ

       Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығымен 2024 жылдың 03 – 05 қаңтары аралығында математика пәнінің мұғалімдері үшін Қысқы мектеп жұмысы ұйымдастырылды.

Қысқы мектеп аясында 7-9 сыныптардың күрделі тақырыптары қарастырылып, деңгейлік тапсырмалар бойынша жұмыстар жүргізілді. Қарағанды қаласы мен Шет ауданының педагогтері өздерінің іс-тәжірибелерімен бөлісті. Барлығы облыс бойынша 500-ге жуық математика пәнінің мұғалімдері қатысты.