Размер шрифта:
2023 күнтізбелік жылдағы жұмыс қорытындысы бойынша жұмыс тобының отырысы
28-12-2023 08:08
2023 күнтізбелік жылдағы жұмыс қорытындысы бойынша  жұмыс тобының отырысы

      2023 жылдың 28 желтоқсанында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы жұмыс тобының онлайн-кеңесін өткізді.

Отырыста облыстық әдістемелік бірлестіктің төрайымы Е. А. Свердлова 2023 жылғы жұмысты қорытындылады.

Жыл бойы жұмыс тобы келесі жұмыстарды жүргізгені атап өтілді: директорлардың оқу жұмысы жөніндегі орынбасарлары үшін әдістемелік ұсынымдар жобасын әзірлеу, бірқатар пәндер бойынша білімнің бастапқы бөлімдеріне тапсырма әзірлеу, ББЖМ-ға дайындық кезеңдері, білім беру бағдарламаларын әзірлеу.

Жұмыс тобының мүшелері 2023-20204 оқу жылына арналған білім беру бағдарламаларының сараптамасына қатысып, Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының  «Алғыс хатымен» аталып өтті.

Отырыс соңында жұмыс тобының қатысушыларымен 2024 жылға арналған директорлар оқу жұмысы жөніндегі орынбасарларының жұмыс тобының жұмысын ұйымдастыру бойынша ұсынымдар енгізілді.

Отырысқа жұмыс тобының 14 мүшесі қатысты