Размер шрифта:
Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған Қысқы мектеп жұмысы
03-01-2024 10:06
Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған Қысқы мектеп жұмысы
      Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін арттыру, бастауыш сынып оқушыларының логикалық, шығармашылық, сыни тұрғыдан ойлауын дамыту мақсатында 2023 жылдың 03 қаңтар күні үш күнге жоспарланған Қысқы мектептің бірінші күнін өткізді. 
Қысқы мектепке республикалық «Алтын тұғыр» олимпиадасының облыстық кезеңіне жолдама алған 212 пелагог қатысып отыр. Педагогтер 05 қаңтар күні өткізілетін олимпиадаға жан-жақты дайындалуда. Оқыту курсында облыстың педагог-шебер, педагог-зерттеуші мұғалімдері Жуманова Зухра Амантаевна, Жарбаева Асель Темирбаевна, Темирбулатова Сара Козыевна, Тырнахан Батима, Слам Адиша, Нығметдолда  Нұргүл, Сейтбекова Гульмира Сексеновна, Каирова Бахыт Аманбаевна, Ламанова Лидия Леонидовна, Орел Алина Игоревна, Ким Марина Александровна, Елюбаева Асима Алпысовна, Юркова Светлана Николаевна, Саттыбаева Гульсум Амангельдиевна, Савина Ирина Николаевна, Ашкенова Алмагуль Камашевна өз іс-тәжірибесімен бөлісті.