Инклюзивті білім беру бойынша оқыту курстары
4-5 қаңтарда облыстық Қысқы мектеп аясында Қарағанды қаласының №27 ЖББМ ресурстық орталығының базасында инклюзивті білім беру бойынша оқыту курстары өткізілді.
Іс-шара оқу бағдарламаларын бейімдеу және даралау, балалардың оқу жетістіктерін бағалау, топтық жұмысты ұйымдастыру және психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу мамандарының түзету-дамыту сабақтарында сенсорлық интеграция әдістерін қолдану, құжаттаманы ресімдеу мәселелерінде педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға және практикалық дағдыларын дамытуға бағытталған.
Іс-шараға Қарағанды, Теміртау, Саран, Шахтинск қалаларының және Абай ауданының жалпы білім беретін мектептерінен 180 педагог қатысты.