ЕББ қажеттілігі бар балалардың ауызша және жазбаша сөйлеу дағдыларын қалыптастыру
11-01-2024 15:08
ЕББ қажеттілігі бар балалардың ауызша және жазбаша сөйлеу дағдыларын қалыптастыру

      Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы мен  мұғалімдер қауымдастығы 2024 жылдың 11 қаңтарында жас педагогтер үшін «ЕББ қажеттілігі бар балалардың ауызша және жазбаша сөйлеу дағдыларын қалыптастыру» тақырыбында семинар өткізді. С. М. Цемох, «Н. Нұрмақов атындағы ММЛИ» КММорыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, Қарағанды облысының орыс тілі мен әдебиеті қауымдастығының төрағасы «Орыс тілі мен әдебиеті сабақтарында ЕББ қажеттілігібар балаларға жеке көзқарасты жүзеге асыру» тақырыбында сөз сөйледі. Раулова Қарашаш Бизаковна,Қарағанды облысы,Қарқаралы ауданы,Бүркітті ауылының«№20 ЖББМ»КММ орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі«Орыс тілі мен әдебиеті бойынша ЕББ қажеттілігі бар оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру» тақырыбында өз тәжірибесімен бөлісті. Семинарға 63 мұғалім қатысты. Семинарда жас педагогтер ЕББ қажеттілігі бар оқушыларға тапсырмалар құрастыру бойынша көптеген кеңестер алды.