ПМПК мен мектептің психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу қызметінің өзара іс - әрекеті
9 қаңтарда Қарағанды облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес(ПМПК) мамандары Қарқаралы ауданының жалпы білім беретін мектептерінің педагогтерімен онлайн - кездесу өткізді.
Іс-шара барысында ПМПК мен мектептің психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу қызметінің өзара іс-әрекеті, балалардың ерекше білім беру қажеттіліктерін анықтау және бағалау, ата-аналарға кеңес беру (Күмісбаева Б.Д., Акбаева Д.Ж., Бишаева Ж.А., Бигельдина З.А., ПМПК арнайы педагогтары) мәселелері қаралды.
Сондай-ақ, диалог алаңы барысында қатысушыларға жалпы білім беретін мектепте ПМПК ұсынымдарын іске асыру бойынша толық түсініктемелер берілді.