Мектепке дейінгі білім беруде эстетикалық сауаттылық апталығы «Әсемдік әлеміне саяхат!»
2024 жылдың 22 мен 26 қаңтар аралығында Қарағанды облысының білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы эстетикалық сауаттылық апталығын өткізуде «Әсемдік әлеміне саяхат!».
Апталықтың мақсаты:мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, өнер туындыларын эстетикалық қабылдау және түсіну үшін кеңістіктік орта құру негізінде қоршаған әлемге эстетикалық қатынасты қалыптастыру.
Міндеттері:
- эстетикалық сауаттылық апталығының іс-шараларын дайындау, ұйымдастыру және өткізу арқылы педагогтердің кәсіби шеберлігін жетілдіру;
- тәрбиеленушілерді өзіндік шығармашылық іс-әрекетке тарту, өнердің әртүрлі түрлері: ауызша, музыкалық, бейнелеу, табиғат әлемі қызығушылықтарын арттыру;
- өнер түрлері туралы қарапайым түсініктерін қалыптастыру;
– мектеп жасына дейінгі балалардың эстетикалық қасиеттерін, әдемі сезімдерін қалыптастыру үшін, тәрбие-білім беру процесінің барлық қатысушыларымен біріктіру.
Эстетикалық сауаттылық апталығы Қарағанды облысының барлық мектепке дейінгі ұйымдарында «Әсемдік әлеміне саяхат!» өтеді.
1-күн – 22.01. ЭСТЕТИКАЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ АПТАЛЫҒЫНЫҢ АШЫЛУЫ. «Жас зерттеушілер».
2-күн – 22.01. «Қыс қызығы».
3-күн – 23.01. «Театр әлемі».
4-күн – 24.01. «Мен және менің қоршаған ортам».
5-күн – «Музыка әлеміне саяхат».
#umckrg#әсемдікәлемі хэштегімен instagram, facebook платформасында іске қосыңыз