Размер шрифта:
«Мұражай – педагогикалық конструктор: мұражайда сабақты қалай құру керек» тақырыбындағы вебинар
16-01-2024 16:37
   «Мұражай – педагогикалық конструктор: мұражайда сабақты  қалай құру керек» тақырыбындағы вебинар

         2024 жылдың 16 қаңтарында  Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы қалалық және аудандық білім бөлімдерінің мұражай  жұмыстарына жетекшілік ететін әдіскерлер, білім беру ұйымдары директорлардың тәрбие істері жөніндегі орынбасарлары мен музейге жауапты педагогтерге «Мұражай – педагогикалық конструктор: мұражайда сабақты қалай құру керек»   тақырыбында вебинар өткізді.

        ВебинардаТебаева Зауреш Амантаевна, «Қарағанды облыстық тарихи- өлкетану мұражайы» КМҚК экскурсиялық - бұқаралық жұмыс бөлімінің меңгерушісі; Оспан Дархан Қызылбайұлы, Қарағанды қаласы, «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы мектеп- гимназиясы» КММ тарих пәнінің мұғалімі;Ланкялис Анна Витаутасовна,Шахтинск қаласы «№8 жалпы білім беретін мектебі» КММ тарих пәнінің мұғалімі; Верстакова Ирина Николаевна, Абай ауданы «М.Мақатаев атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ тарих пәнінің мұғаліміспикер ретінде қатысып, мұражай-педагогикалық конструктор  және  әртүрлі интернет платформаларда жұмыс істеу әдістерімен  таныстырып, жас ұрпаққа рухани-патриоттық тәрбие беру мәселелері бойынша тәжірибелерімен бөлісті.