Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу әдістемелік орталығы 2024 жылдың 12 қаңтарда Теміртау, Шахтинск және Балқаш қалаларының мектептері үшін «1000 мектеп» республикалық жобасын іске асыру жоспары бойынша апта сайынғы әдістемелік күнді өткізді.Семинар барысында Балқаш қаласының «№4 ЖББМ» КММ директоры Г.Р. Әмірқұлова «Білімдегі кемшіліктерді толтыру және үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс бойынша бақылау» таңырыбында, Шахтинск қаласы «С.Сейфуллин атындағы ШГ» КММ директоры Осанова М.Қ. «5-сынып оқушыларының бейімделу кезеңі» тақырыбында атқарылған жұмыстарымен бөлісті.
Теміртау қаласы әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Кудайбергенова Е.К. Теміртау қаласындағы «Мектеп 1000» жобасына қатысатын мектептердің 2023-2024 о.ж. 1-жартыжылдықтағы білім сапасының қорытындыларына сараптама жасады.
Семинар қорытындысы бойынша менторлар (З.И.Тукбаева мен Е.Қ.Құдайбергенова) оқушылардың біліміндегі кемшіліктерді толтыру және үлгерімі төмен оқушылармен жұмыстарды жалғастыруға және жартыжылдық қорытындының нәтижесі бойынша кему динамикасын көрсеткен мектептерге әдістемелік көмек көрсету мақсатында 2024 жылдың әр сәйсенбі күні он-лайн режимде сабақтарға қатысу ұсынылды. Ұсыныстар жұмысқа қабылданды.
Қатысушылар: 34 директор және директорлардың орынбасарлары.