2024 жылдың 17 қарашасы күні Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен қалалық/аудандық білім бөлімдерінің әдіскерлеріне, республикалық «1000 мектеп» жобасына және «Табыс формуласы» жобаларына енген білім беру ұйымдарының директорларына, директорлардың орынбасарларына, математика пәнінің мұғалімдеріне «ЗЕЙІН» әлеуметтік-педагогикалық жобасы аясында ZOOM платформасы арқылы «Математика сабақтарында функционалдық сауаттылықты арттырудың тиімді әдістері» атты шеберлік сыныптар өткізілді. Барлығы 100 педагог қатысты.
Шеберлік сыныптар барысында келесі педагогтер өздерінің іс-тәжірибелерімен бөлісті:
Спабекова Бибигуль Ахметжановна, Шегебаева Гаухар Ермековна, Қарағанды қаласы «Абай атындағы мектеп-гимназиясы» КММ математика пәнінің мұғалімдері;
Уәлихан Кәделі Уәлиханқызы, Қарағанды қаласы «№36 ЖББМ» КММ математика пәнінің мұғалімі;
Әбділдә Ерұлан Кеңесбекұлы, Қарағанды қаласы «С. Сейфуллин атындағы гимназия» КММ математика пәнінің мұғалімі.